Самат Тергембаев: Елбасы мақаласы Қазақстанның дамуына жаңа серпін береді

0
29 Қараша 2018, 21:16 254 0

Фото: astana.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. «АЛЖИР» мұражайының директоры Самат Тергембаев Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Өткенін білмей, бүгінгі күннің мәнін және болашақтың мақсатын түсіну қиын. Біздің еліміздің өткен тарихы болмаса, оның қазіргі таңда жетістіктері, әлемдік танымалдығы мүмкін болмас еді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы осы тезисты толығымен ашады.

Жылдан жылға, әсіресе, жас ұрпақтың тәрбиесінде бұл мәселенің маңызы артуда. Сондықтан, мұражай директоры ретінде айтарым, біздің қызметіміздегі басты міндет – мәдени, тарихи мұраны сақтау, өскелең ұрпақты патриотизм мен туған еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Елбасының мақаласын зерделеп, «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Архив-2025», «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» жобаларының, деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдардың өндіріске енгізілуін қолдаймын. Бұл Қазақстан тарихы дамуының толассыздығын көрсетеді.

Осы жобалардың орындалуы тек ғана патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, этникааралық қатынастарды нығайтуға бағытталған тәрбиеге ғана емес, ол заманауи Қазақстанның дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін.

Мақаланың негізгі идеясы – тарихи сананы жетілдіру, «Ұлы даланың жеті қыры» – «Рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы. Оны жастарға арналған ұлттық бағдарламаның жаңа компоненттері деп атауға болады.

«АЛЖИР» мұражайының қызметкерлері келушілерге, әсіресе студенттерге, оқушыларға, Ұлт көсемі айтқандай, біздің тарихымыздың құндылықтарын жеткізуде тынбай еңбек ететін болады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ