Сайлау 2019: сайлаушылардың дауысы саналып жатыр

0

Сайлау комиссиялары дауыс беру урналарын ашып, дауыстарды санап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым — Sputnik. Қазақстанда президент сайлауы аяқталды. Сағат 20.00-де еліміздің түкпір-түкпірінде сайлау учаскелері жабылды.


©
Sputnik / Айгюзель Кадир

Қазақстанда президент сайлауы аяқталды

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 77,4%-і президент сайлауында дауыс берген.


©
Sputnik / Айгюзель Кадир

Дауыс беру урналары ашылып, сайлаушылардың дауысы санала басталды

Елордалық сайлау учаскелеріне Қазақстан президенттігіне жеті кандидат пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келіп, дауыс беруге қатысты.


©
Sputnik / Абзал Калиев.

Сайлаушылардың дауысын санау

Атап өтсек, Қазақстанда алдыңғы президент сайлауы да кезектен тыс өткен болатын. Ол 2015 жылдың 26 сәуірінде болды. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 97,75% дауысын иеленген еді.


©
Sputnik / Абзал Калиев.

Қазақстандықтардың 77,4%-і дауыс берді

Дауыс берудің алдын-ала қорытындысы (Exit Poll) түнгі сағат он екіде белгілі болады.



sputniknews.kz