сәбидің бөлмесінде түсірілген видео ата-анасының зәре-құтын қашырды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Тылсым жайт түсірілген видеоны әлеуметтік желіде баланың әкесі жариялаған

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. АҚШ-тың Мичиган қаласында тұратын Роб Мосс Facebook парақшасында баласының бөлмесінде орнатылған бақылау камерасына түсіп қалған видеоны жариялады. Оның айтуынша, кадрлардан елесті байқауға болады.

«Елесті камераға түсіріп алғанымызға 96 процент сенімдімін. Ол таңертең төсегінде ұйықтап жатқан екі жасар ұлымның аяғынан тартқылады», – деп жазды ер адам.

Видео маусым айының соңында жарияланса да, жуырда ғана кең тарай бастады. Жұрттың қызығушылығын оятқаны сонша – тіпті шетелдік БАҚ та ол туралы жазған екен.

Тағы оқыңыз: «Әбден қылқындырды»: үш рет «өліп-тірілген» тараздық келіншектің әңгімесі

«Бұл елес емес. Жын пері ғой деймін, шам ұстап тұрған сияқты… Немесе жарық шашатын тағы бірдеңе», – деп жазды Facebook қолданушысы.

«Балаңды тезірек алып кет, қастарыңа алып жатыңдар», – деп кеңес берді тағы бірі.



sputniknews.kz

Загрузка...