«Россия сегодня» ХАА топ-менеджерлері үздік деп танылды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Менеджерлер қауымдастығы мен «КоммерсантЪ» баспа үйі «Ресейдің үздік 1000 менеджерін» анықтап, жария етті

АЛМАТЫ, 1 қазан – Sputnik. «Россия сегодня» ХАА басшылары саладағы әріптестерінің арасында биіктен көрінді. Kommersant.ru баспа үйінің рейтингі бір жылдағы жұмысты қорытындылап, Ресейдегі ең кәсіби басқарушыларды және өз салаларындағы көшбасшыларды анықтайды.

Осы саладағы әріптестерінің арасында «Россия сегодня» ХАА бас редакторының орынбасары Дмитрий Груздев және экономика және қаржы директоры Кирилл Киселев үздік шығып, сәйкесінше «Коммерциялық директор» және «Қаржы директоры» номинацияларын жеңіп алды.

Екінші жыл қатарынан үздік болған Дмитрий Груздев бұл жеңіс өзі үшін екі есе құнды екенін айтты.  

«Өз номинациямды екінші жыл қатарынан жеңіп алу мен үшін үлкен құрмет. Жалпы алғанда бұл рейтингте ұзақ уақыт тұру қиын, жас толқын, жаңа буын келіп, жаңарып тұрады», – дейді ол.

Кирилл Киселев те өз жеңісі өте маңызды және ерекше жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

«Топ-менеджерлер өз әріптестерін бағалайтын, ең мықты дегендерді таңдайтын рейтингі кәсіби қоғамдастықта лайықты сенімге ие. Мұндай сапа белгісіне сәйкес екеніңді үнемі растап отыру керек», – дейді ол.

Тағы оқыңыз: Павлодарлық журналист Sputnik Қазақстанның арнайы жүлдесін алды 

«Россия сегодня» ХАА тағы төрт менеджері түрлі категориялар бойынша үздік бестікке кірді. Олар – атқарушы директор (IT-бөлім) Дмитрий Ушаков, бас редактордың бірінші орынбасары Сергей Кочетков, кадрлар бөлімінің бастығы Евгения Солодова және атқарушы директор, Халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығының жетекшісі Ольга Колева.

Айта кетейік, «Ресейдің үздік 1000 менеджері» рейтингі жиырмасыншы рет жарияланып отыр.



sputniknews.kz

Загрузка...