Ресей жолдарда шетелдіктерге бақылауды күшейтеді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Ресейден шығу кезінде жүргізушінің заң бұзғаны анықталса, оның көлігі тәркіленіп, доңғалақтары құлыпталып, арнайы тұраққа қойылады

МӘСКЕУ, 9 қараша – Sputnik. Ресей үкіметі жол қозғалысы ережесін елемейтін шетелдік жүргізушілерді жазалауға қатысты жағдайды түбегейлі өзгерту шараларын қарастырып жатыр.

Ресейде жол қозғалысы ережесін бұзған шетелдіктер үшін жазаны сөзсіз қолдану жүйесі дайындалуда.

«Коммерсантъ» газетінің мәліметінше, Ресейден шығатын кезде көліктердің айыппұлы бар-жоғы тексеріле бастауы мүмкін, ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекарада мемлекеттік нөмірлерді тіркейтін камералар орнатылады.

Қазіргі уақытта Мәскеуде шетелдік жүргізушілерге салынған айыппұлдардың тек 1% жазылады. Жағдайды түзету шаралары енгізілген «Жол картасы» дайындалды, қазір Ресей үкіметінің қарауында жатыр.

РФ ішкі істер министрлігі «жол картасының» жобасында көлік министрлігі, қаржы министрлігі, Федералды кеден қызметі, Мәскеу үкіметі және басқа да салалық ведомстволардың ұсыныстары ескерілген.

2020 жылдың 1 ақпанына қарай ЕАЭО елдерімен шекара маңындағы өткізу пункттері Ресей Федерациясына кіретін автомобильдердің нөмірін тіркейтін камералармен жабдықталады, деп жазды Коммерсантъ. Бұл мәліметтер Федералды кеден қызметінің ақпараттық жүйесіне, ол жерден Жол қозғалысы қауіпсіздігінің мемлекеттік инспекциясына жіберіледі.

Сонымен қатар, Ресейден шыққан кезде барлық шетелдік көліктердің төленбеген айыппұлын тексеру ұсынылып отыр. Егер заң бұзушылық анықталса, көлік шекарада ұсталып, арнайы тұраққа жеткізіліп, доңғалақтарына блокиратор қойылады.

Құжатқа премьер-министрдің орынбасары Максим Акимов қол қоюы керек. Вице-премьердің өкілі Sputnik-ке «жол картасының» жобасы Ресей үкіметінің аппаратында екенін, қазір ол «зерттеліп, талданып жатқанын» растады.

Келесі жылдың 1 ақпанына қарай экономикалық даму министрлігі, ішкі істер министрлігі және көлік министрлігі ЕАЭО-ға мүше елдермен уақытша әкелінген көлік құралдары туралы мәліметтермен алмасу туралы келісімге келуі тиіс.

Мәскеудегі Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы Sputnik-ке өздерінің ұсынысы бойынша «жол картасына» жол ережесін бұзудың тағы бір түрі қосылғанын хабарлады – шетелдіктер ақылы қалалық тұрақтарға қаржы төлемейтін көрінеді. Бұл шетелдік нөмір таққан көлік құралдарының жүргізушілері арасында жиі кездесетін заң бұзушылықтардың бірі, деп атап өтті ведомство.

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ішкі істер министрліктері арасында жүргізушілер туралы мәліметтермен алмасу мәселелерін пысықтау ұсынылды. Қазіргі уақытта астанадағы шетелдік жүргізушілерге салынған айыппұлдардың тек 1% -і ғана жазылады. Біз бұған жол бермеу керек деп санаймыз», – дейді Мәскеу үкіметінің Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы.

Орталық мамандары сонымен қатар Мәскеуде жыл басынан бері шетелдік нөмір таққан 2 078 автомобиль ұсталып, мамандандырылған тұрақтарға жіберілгенін атап өтті. Жүргізушілер апатты жағдай туғызып, көлік қозғалысын қиындата отырып, көліктерін тыйым салынған жерлерге қалдырып кеткен.

Бұқаралық ақпарат құралдары Мәскеу билігіне сілтеме жасай отырып, Ресей Федерациясының астанасында Армения, Молдова, Украина және Беларустан келген көліктердің жүргізушілері жол ережесін ең көп бұзатынын хабарлады.



sputniknews.kz

Загрузка...