Қызылордадағы автобус апатынан көз жұмған аспаз жігіт арманына жете алмады

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Александр Галкин шалғайдағы екі апталық вахтаға жұмысқа тұрып, ұлына пәтер алып беруді армандаған екен

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда-Құмкөл тас жолындағы апат салдарынан көз жұмған шымкенттік 35 жастағы Александр Галкиннің денесін туыстары жер қойнына тапсырды.

Бес жылдан бері «Саутс-Ойл» компаниясында аспаз болып жұмыс істеп жүрген Александрдың артында 12 жастағы жалғыз ұлы қалды, деп хабарлады КТК.

Шымкенттен жалақысы дұрыс жұмыс таппаған соң, шалғайдағы екі апталық вахтаға тұрған ол, ұлына пәтер алып беруді армандаған екен. Алайда аспаз жігіт арманына жете алмады.

«Түн еді»: Жәбірленуші Қызылордадағы автобус апаты жайлы айтып берді

Жеті әріптесімен бірге көз жұмған оның туыстары компанияға «ешқандай кінә артпаймыз» дейді. Бірақ аударылған автобустың ескі болғанына налиды.

«Жұмысшыларды тасыған автобус тым ескі ғой. Шалғай жерге мұндай жағдайы жасалмаған автобуспен адам тасыған дұрыс па? Оның үстіне жұмысшылар келе жатқанда жол көктайғақ, тұман болды. Қасірет тағы қайталанбас үшін компания мен үкімет алдын алу керек деп санаймын», – дейді марқұмның туысы Людмила Баганцева.

Қызылорда түбіндегі автобус апаты

36 жолаушы мінген автобус жолдан шығып кетіп, Қызылорда түбіндегі тасжолда аударылып кетті. Салондағы адамдардың бәрі – Құмкөл кен орнынан қайтып келе жатқан мұнайшылар

Ірі апат сейсенбі, 3 желтоқсанда таңертең болды. Автобуста 36 жолаушы болған, сегіз адам қаза тапты. Барлық жолаушы – Қазақстан азаматы.

Құтқарушылар жапырылып қалған автобустан адамдарды арнайы құралдардың көмегімен шығарды, 20-дан астам адам түрлі дене жарақатын алды.

 

  



sputniknews.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз