Қызылордада түнгі клубта жаппай төбелес болды

0

Жаппай қырғын Қызылордадағы түнгі клубтардың бірінде болған. Болған жайғай Instgram әлеуметтік желісіндегі today_kz тобында жарияланған. Видеода көрсетілгендей төбелеске  20-ға жуық адам қатысқан. Бұл оқиғаны Қызылорда облысының полиция бөлімі де растады.

«25 қараша күні Қызылорда облысының Шиелі ауданында «бұзақылық» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 2 күдікті ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр» — дейді департаменттің баспасөз қызметі.