Қыз балаға қойылатын есімдердің мағынасы

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Біріккен Ұлттар Ұйымының халық мәселелері жөніндегі қоры халықаралық қыздар күнінде «Қызболсын» деректі фильмінің тұсаукесерін өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан — Sputnik. Қазақстанда Ұлболсын есімді 75 400 қыз-келіншек бар. Бұл статистиканы халықаралық қыздар күнінде БҰҰ-ның халық мәселелері жөніндегі қоры (ЮНФПА) жариялады.

Қазақ халқы Ұлболсын есімін қыздан кейінгілері ер бала болсын деп ырымдап қояды.

Ұлболсын есімді әйелдердің жартысынан астамы (53,6%) ауылда туған болып шықты. Осыған ұқсас 294 есім бар екен, мысалы, Ұлжан, Ұлбала, Ұлту және тағы басқа.

«Қыздарға «Ұл» деген түбірі бар есімдер көбіне (69,6%) оңтүстік өңірлерде берілетіні анықталды. Жалпы, 75 400 әйелдің тек 203-іне ғана Ұлболсынға ұқсас есім қойылған», — деп хабарлады қор.  

Мамандардың айтуынша, соңғы отыз жылда қыздарға Ұлболсын есімін беру азайып келе жатыр. Мәселен, 1990 жылдан 1999 жылға дейін мұндай есім 13 803 қызға берілсе, 2010-2019 жылдары бұл сан 12 264-ке дейін кеміді.

Айта кетейік, халықаралық қыздар күнінде БҰҰ қоры және Назарбаев университетінің E.Quality Talks студенттік ұйымы қыздардың құқықтарын кеңейту бойынша пікірталас өткізіп, «Қызболсын» деректі фильмінің трейлерін көрсетті.

Режиссер Катерина Суворова мен әнші Ақмаржан Көшербаеваның «Қызболсын» деректі фильмінде «Ұлболсын» есімді әйелдер мен қыздардың тағдыры баяндалады.



sputniknews.kz