Қытайда Димаштың суреті салынған фонтан пайда болды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Кейбір желі қолданушылары Димаштың суреті салынған фонтанды ұнатпай, алып тастауды талап етіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Қытайда Димаш Құдайбергеннің суреті бейнеленген ерекше фонтан пайда болды. Авторлардың идеясы бойынша танымал әртістің аузынан су шашырап тұр.

Димаш қытайлардың бұл туындысына әзілмен қарап, Instagram желісінде видеосын жариялаған.

«Қытайда біртүрлі фонтандар пайда болды», – деп жазды ол.

Бұл фонтанның түпнұсқасы жарнама ретінде Чанша қаласында орнатылған, деп мәлімет берді желі қолданушылары. Кадрларға қарағанда, экрандағы адамдардың суреті ауысып тұрады екен. Су біреудің иегінен атқыласа, екінші бірінің мұрнынан шашырайды.

«Димаш! Шынымен, біртүрлі фонтан екен. Оны жасаған адам соңғы нөсер жауын астындағы концертіңнен шабыт алса керек», – деп жазды қолданушылардың бірі.

«Фонтан деуге де келмейді. Тұрпайы көрінеді екен», – деп пікір білдірді тағы бірі.

Тағы оқыңыз: Димаш болашақ жарының бойынан табылуы тиіс қасиеттерді тізіп берді – видео



sputniknews.kz

Загрузка...