Қытай Қазақстанмен шекараны жабады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қытай халқының Жаңа жыл мейрамын атап өтуіне байланысты көрші ел Қазақстанмен шекараны уақытша жабады

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Алдағы аптада Қытай Қазақстанмен арадағы шекарада орналасқан өткізу бекеттерін уақытша жауып тастайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қытай халқының Жаңа жыл мейрамын атап өтуіне байланысты көрші ел Қазақстанмен шекараны уақытша жабады.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытай тарапынан 22 қаңтардан 2 ақпанға дейін шекара жабық болады. Қалған «Нұр жолы», «Қалжат» өткізу пунктері 24 қаңтар мен 26 қаңтар аралығында, үш күнге жабылады», — деп мәлімдеді Sputnik Қазақстанға ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Басқа өткізу пунктері бойынша Қытай тарапы әлі ақпарат бермеген.

Биыл Қытайдың Жаңа жылы 25 қаңтарда аталып өтеді.

Тағы оқыңыз: 

Шығыс күнтізбесі бойынша Қытай жаңа жылының нақты күні жоқ, сондықтан әр жылда әртүрлі күндері тойланады. Қытайлар Жаңа жылды айға қарап біледі, яғни, жылдың алғашқы айындағы бірінші толған ай түні Қытай халқының Жаңа жылы басталады. Бұл елдегі жаңа жыл он бес күнге созылады.



sputniknews.kz