Қытай қару сату бойынша Ресейді озды

0

Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты (SIPRI) алғаш рет Қытай компанияларының қару өндірісіне сараптама жасады. Институт дерегінше, Қытайдың төрт компаниясы 2017 жылы 16,4 миллиард долларға қару сатқан. Бұл Ресейдегі он бәсекелес компанияның өнімінен көп. Есепке сай, Қытай қару өндірісі бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.

Бұған дейін ақпараттың аздығынан Қытайдың қару өндірісі жайлы дерек жоқ еді. Сарапшылар биржадағы деректер негізінде Қытайдың төрт компаниясының 2015-2017 жылдары қанша қару сатқанын анықтаған.

SIPRI өкілдері 2017 жылы қару өндіруден үздік жиырмалыққа 11 америкалық, алты еуропалық, үш ресейлік компания еніп келгенін, енді рейтингті қайта түзгенде қытайлық төрт компанияның жиырмалыққа енетінін, оның үшеуі ондыққа кіретінін айтады.

SIPRI Қытай компаниялары қару саудасы бойынша көрсеткіштерін төмендетіп көрсетуі мүмкін деп санайды.

Институт дерегінше, Ресей қару өндірісі бойынша Қытайға жол беріп, үшінші орынға түскен. Желтоқсанда SIPRI Ресейдегі қару сату 36,2 млрд долларға төмендегінен мәлімдеген. АҚШ 246 млрд долларға қару сатқан.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз