құтқарушылар астаналықтарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады

0

Өрт сөндірушілер, полицейлер, құтқарушылар мен медицина қызметкерлері қолайсыз ауа райы кезінде қазақстандықтарға көмектесу үшін күшейтілген режимде қызмет атқаруда

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. Құтқарушылар Нұр-Сұлтанда қатты боранның соғуына байланысты астаналықтардың жұмыс күнін қысқартуға шақырады.

Жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшеюі мүмкін, деді қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов.

«Барлық бизнес-құрылым, ұйымдар, оның ішінде құрылыс ұйымдарына әсіресе биіктіктегі жұмыстарды орындаудан бас тартуға және жұмыс күнін қысқартуға кеңес береміз», – деді Сыздықов бейсенбі күні журналистерге.

Тек бұл қала тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар, атап өтсек, өрт сөндіру қызметі, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, жедел медициналық жәрдем және коммуналдық қызметтерге қатысты емес, делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз