Қостанай облысындағы жол апатында екі жасар сәбидің қолы жұлынып кетті

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Зардап шеккен қыз санавиация көмегімен облыстық ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қостанай облысында болған жол апатында екі жасар қыз зардап шекті, деп хабарлайды жергілікті Алау басылымы.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, жантүршігерлік оқиға 13 сәуірде Амангелді ауданында болған. Көлік жыраға түсіп, салдарынан 2017 жылы туған қыздың қолы жұлынып кетті.

Петропавлда мас жүргізуші қаққан жігіттің аяғы жұлынып кетті

Зардап шеккен сәби санитарлық авиация көмегімен Қостанай облыстық ауруханасына жеткізілді.

“Жарақатына байланысты оң жақ қолына шынтағына дейін ампутация жасалды”, – деп хабарлады өңірдің денсаулық сақтау басқармасы.

Жантүршігерлік жол апатында көлік астында қалған әйелдің басы жұлынып кетті

Ведомствоның хабарлауынша, қазір қыз баланың жағдайы тұрақты.



sputniknews.kz

Загрузка...