Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі ауысты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Данияр Сарекенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр — Sputnik. Болат Иманбаев Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев президенттің күзет қызметінің бастығын тағайындады

«Мемлекет басшысының жарлығымен Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.

Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.



sputniknews.kz