Қазақстанның экс-премьері өзін мерзімінен бұрын босатуды сұрады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Серік Ахметовтың мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініші Қарағанды қаласының Қазыбек аудандық сотына түсті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов бас бостандығын шектеу жазасын мерзімінен бұрын босатуға алмастыруды сұрады.  Ақпаратты Sputnik Қазақстанға Қарағанды облыстық сотында растады.

«Қарағанды қаласының Қазыбек аудандық сотына Серік Ахметовтен мерзімінен бұрын шартты босату туралы өтініш түсті. Іс 25 қазан күні сағат 10:30-да қаралады», – деп хабарлады сотта.

Өткен жылдың мамыр айында бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов Қазыбек аудандық сотына жазаны жеңілдетуге қатысты өтініш жолдаған болатын. Ол бас бостандығын шектеу жазасын айыппұлға алмастыруды сұрады. 

Кейін Ахметов бұл өтінішті қайтып алуға арыз жазды. Осы арызына байланысты сотталған азаматтың өтініші сотта қаралған жоқ. 24 мамырла судья тиісті қаулы шығарды.

Серік Ахметовтың ісі

 



sputniknews.kz

Загрузка...