Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі тағайындалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгін ҚР үкіметінің қаулысымен еліміздің жаңа білім және ғылым вице-министрі болып Фатима Жақыпова Надырқызы тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарттық агенттігі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Бүгін, 2016 жылдан бері ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметін атқарып келген Фатима Жақыпова үкімет қаулысымен Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі болып бекітілді.

Фатима Жақыпова1968 жылы дүниеге келген. Ол Алматының тумасы.

Тәуелсіздік алған жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдайды. 

Кейіннен өзі түлеп ұшқан әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 

2001 жылы Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің проректоры болып тағайындалды. Ал, 2009 жылы сол университетті бітіріп, диплом алды. 2008-2011 жылдар аралығында Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің проректоры болды. 

Түрлі жылдары Қазақстанның білім және ғылым министрлігінде директор орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2014 — 2016 жылдары Назарбаев университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің атқарушы директоры болып қызмет етті.
 

stan.kz