Қазақстандықтарға екі ай бойы Тайландқа виза тегін беріледі — Жаһан

0

Тайланд билігіндегілер туристерді тарту мақсатында виза үшін төлемді алып тастады. Бұл 21 мемлекеттің турисіне қатысты, олардың ішінде Қазақстан да бар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bangkok Post басылымына сілтеме жасап.

Осыған дейін туристер әуежайда 2 000 бат төлесе, енді олар бұл төлемнен босатылады. Сондай-ақ, турист 15 күнге келген болса немесе дәл туристік маусымда 1 желтоқсан мен 31 қаңтар аралығында келсе, виза үшін төлемейді екен.

Басылымның мәліметінше, Тайланд билігіндегілер Украина, Румыния, Қазақстан және Қытай туристерін қызықтырмақшы. Осылайша, туристердің саны кем дегенде 30 пайызға көбейетіні айтылады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері Тайландқа 28 миллион шетелдік турист келген.