Қазақстандықтардың жалақысы бір жылда 9% өскен

0
05 Желтоқсан 2018, 11:00 459 0

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 161,8 мың теңгені құрап, 9,3% артқан. Бұл жөнінде Zakon.kz порталы хабарлады.

Аналитиктер қазақстандықтардың табысын есептеп, орташа айлық жалақы 161,8 мың теңгені құрап, 9,3% артқанын анықтады.

2017 жылы жалақы сомасы 148 мың теңгені құраған. Соңғы бес жылда жалақының максималды ұлғайғаны 2016 жылы – 13,3% екені байқалды, бұл кезде нақты жалақы индексі 96,7% құраған.

Нақты жалақы индексі осы жылы 103,1% құрап, сатып алу қабілетінің артқаны байқалады. 2017 жылы жалақының нақты құндылығы инфляция әсерінен 2% төмендеген болатын.

Тоқсан соңында орташа айлық жалақының айтарлықтай үлкен мәні Атырау облысында байқалады: 310,6 мың теңге, бұл өткен жылғыдан 12,6% артық. Екінші орында 4,8% ұлғаю – 260,6 мыңнан 273,2 мыңға дейінгі өсумен Маңғыстау облысы тұр. Өңірлер арасындағы үштікті бас қала тұйықтап отыр: 240,7 мың теңге көлемінде 8,1% өсім бар.

Сонымен қатар, Түркістан (98,8 мың теңге), Солтүстік Қазақстан (110,9 мың теңге) және Жамбыл (111 мың теңге) облыстарында ең төменгі жалақы тіркелген.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ