Қазақстандық пен ресейлік арасындағы жекпе-жек төбелеспен аяқталды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Кездесу Қазақстан азаматының жеңісімен аяқталды. Оның қарсыласы судьялардың шешіміне шағымдануға тырысты. Оқиғаның немен аяқталғанын видеодан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан — Sputnik. Сочиде аралас жекпе-жектен өткен ММА Fight Nights Global 95 турнирінде жаппай төбелес болды. Оқиға ресейлік Али Багаутинов пен қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың кездесуінен кейін болған.

Төрешілердің басым даусымен жекпе-жекте Жалғас Жұмағұлов жеңіске жетті, деп хабарлайды championat.com.

Ресейлік спортшының тарапы төрешілердің бұл шешіміне шағымдануға әрекет жасаған. Осы жағдайдан кейін қос команда өкілдерінің арасында төбелес басталған.

Атап өтсек, Қазақстан азаматы бұған дейін 13 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Ал Багаутинов үшін бұл карьерасындағы жетінші жеңіліс, ол 19 рет жеңіске жеткен.


©
Photo : Предоставлено организаторами

Жалғас Жұмағұлов

Осыған дейін де MMA кездесуінен кейін шу шыққан. Ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландтық Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жектен кейін төбелес болды. Жанжалдан кейін спортшылар ұзақ уақытқа жарыстан шеттетілген еді.



sputniknews.kz

Загрузка...