Қазақстандық балалардың Ирактан қайтарылуы: Қызыл крест пікір білдірді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

https://sputniknews.kz/images/869/55/8695509.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/society/20191206/12214318/Kazakhstan-balalar-Irak.html

Халықаралық Қызыл крест комитеті қазақстандық балалардың Ирактан қайтарылуына қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Халықаралық Қызыл крест комитетінің президенті (ХҚКК) Петер Маурердің құттықтау хаты келіп түсті. Онда қазақстандық 14 баланы Ирактан қайтару гуманитарлық операциясының сәтті өткені туралы айтылған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Осындай күрделі мәселелерді шешу ісінде Қазақстанның «Жусан» операциясын табысты жалғастырып отырғаны бүкіл әлемге үлгі болуы тиіс», – деп қолдау білдірді қайырымдылық ұйымының басшысы.  

Петер Маурердің хатында репатриация және реинтеграция мәселелерінде Қазақстан мен Халықаралық Қызыл крест комитеті арасындағы ықпалдастықты нығайту, қақтығыс аймағынан оралған отбасы мүшелерін қауыштыру және адамдарға психологиялық қолдау көрсету қажеттігі айтылған. 

«Халықаралық Қызыл крест комитеті өз мандаты аясында және гуманитарлық мақсатта Қазақстан үкіметіне қолдау көрсетуге дайын. Таяу Шығыстағы қақтығыстарға қатысы бар ұсталған адамдармен жолығып, пікір алмасуға қуанышты болар едік. Біз Нұр-Сұлтан немесе Алматы қалаларында аталған күрделі мәселе жөнінде тәжірибе алмасу үшін осындай проблемаға тап болған басқа елдердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруды ұсынамыз», – деп жазылған П.Маурердің хатында.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы жетекші неміс компанияларына қандай ұсыныс жасады



sputniknews.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз