Қазақстанда жүргізуші куәлігіне қатысты жаңа өзгерістер күшіне енді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Жүргізуші куәлігін алу кезінде талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі жеңілдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, жүргізуші куәлігін алу кезінде талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енгізілген.

Енді қазақстандық жүргізушілер бұрынғыдай жеті дәрігерге емес, 4 дәрігерге  қаралады. Яғни, жүргізуші куәлігін алу үшін терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-наркологтың тексерісінен өту жеткілікті.

«Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек психиатриялық-наркологиялық диспансерден анықтама алу тәртібі де жеңілдеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда шетелден автокөлік әкелуге тыйым салынады

Енді терапевт барлық мәліметті «Диспансерлік науқастардың электронды тізімі» ақпарат жүйесінен қарап, тиісті анықтаманы береді.

Медициналық анықтама қай кезде талап етіледі

  • Жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдегенде;
  • Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде;
  • Жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде.



sputniknews.kz

Загрузка...