Қазақстанда теракт дайындалды – ҰҚК

0

Күдіктілерде қолдан жасалған жарылғыш құрылғы мен суық қару табылған. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр

АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Деструктивті діни ағымның екі ұстанушысы қоғамдық орындарда террористік актілер дайындады деген күдікпен ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру шаралары 14 ақпанда жүргізілді.

«Тергеу материалдары бойынша қамауға алынғандар адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған», — делінген ақпаратта.

Ұсталған күдіктілердің мекенжайын барып, тексеру кезінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған заттар, суық қару, шабуылға арналған фото және бейне жасайтын смартфондар табылды.

Тағы оқыңыз: ҰҚК қылмыстық топ мүшесі ұсталған сәттің видеосын жариялады

Қамауға алынғандарға қатысты қылмыстық кодекстің 255-бабы («терроризм актісіне дайындалу») және 256-бабы  («терроризмді насихаттау») фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.

sputniknews.kz