Қазақстанда Ресейдің кітап сататын интернет-дүкені бұғатталды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сайт әкімшілігі тыйым салынған контентті алып тастаса, бұғаттан босатылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Ресейдің «Лабиринт» (www.labirint.ru) интернет-дүкені Қазақстанда бұғатталды. Порталда экстермистік мазмұндағы кітап табылған, деп хабарлады ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Sputnik Қазақстанға.

«Основы исламской нафсии» деген материал табылған. Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының 2014 жылдың 20 мамырындағы шешімімен Қазақстан аумағында бұл кітапқа тыйым салынған», – деп жауап берді ведомство.

2017 жылдың қарашасында қазақстандықтар ozon.ru, pikabu.ru, ficbook.net, labirint.ru, eksmo.ru және book24.ru интернет-ресурстарына кіре алмаған еді.

Тағы оқыңыз: Бас прокуратура қауіпсіздік сертификатына қатысты мәлімдеме жасады

Сол кезде хабарланғандай, порталдарда елде тыйым салынған әдебиет тарап кетіпті. Қазір тыйым салынған контентті алып тастаған ресурстар («Лабиринттен» басқа) бұғаттан босатылған.



sputniknews.kz

Загрузка...