Қазақстанда негізгі капиталдағы инвестиция көлемі екі есе артады

0
05 Желтоқсан 2018, 11:46 186 0

Фото: Рrimeminister.kz

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанда 2025 жылға қарай негізгі капиталға салынатын инвестицияларды екі есе арттыру жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан өңдеуші өнеркәсіпті дамыту мәселесінде алдына үлкен мақсаттар қойып отыр. 2025 жылға қарай еңбек өнімділігі 1,7 есе артады, ал негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі 2 есе ұлғаяды деп күтілуде», — деді ИДМ Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батанов.

Оның айтуынша, өңделген тауарлар экспорты мен әрекет етуші кәсіпорындар саны 2,33 есе артпақ.

«Сонымен қатар, Гарвард жұргізіп отырған экономикалық күрделілік индексіне сәйкес, біз 84 орында тұрмыз. Біз 55 орынға дейін жоғарылаймыз деп күтілуде», — деді комитет басшысы.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ