Қазақстанда нан қымбаттай ма – министрлік мәлімдеме жасады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Десе де, ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлік тұрақтандыру қорларының арқасында әлеуметтік нанның бағасы өзгермейтініне сендіріп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Астық түсімінің төмендігі нан бағасына болар-болмас әсер етуі мүмкін. Бұл туралы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

«Нан бағасына тоқталсақ, әзірге ол тұрақты. Әлеуметтік нанның бір бөлкесі – 78 теңгеден 85 теңгеге дейін. Бидай бағасы өскен жағдайда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, әкімдіктердің тұрақтандыру қорлары, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» іске қосылады», – деді Сапаров брифингте.

Вице-министрдің пікірінше, нанның қымбаттауы жайлы айту әлі ерте.

«Егін ору науқаны әлі жүріп жатыр, астық алқабының шамамен 20 проценті орылған жоқ. Баға өскен күннің өзінде, болар-болмас қана көтеріледі. Бірақ әлеуметтік нанның бағасы сол күйінде қалады, өйткені қазір әкімдіктер тұрақтандыру қорларына ұн сатып алып, қамданып жатыр. Әлеуметтік нанға қатысты проблема көріп тұрған жоқпыз», – деді ол.

Министрліктің мәліметінше, қазір 2,5 миллион тоннадан астам астық элеваторларға жеткізілген.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның бірнеше облысында аптап ыстықтан егіс алқаптарына зиян келді

«Бидай ылғалды күйінде түсті. Алайда облыстардың өтінішімен үкімет астықты кептіру үшін қырмандарға тағы 50 мың тонна жанар-жағармай бөліп жатыр», – деді Сапаров.



sputniknews.kz

Загрузка...