Қазақстанда 3 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Sputnik Қазақстан агенттігі 3 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 4-16 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

3 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы. Күн тәртібінде 2020-2025 жылдарға арналған өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы жобасы, салық және кедендік әкімшілендіру мәселелері қаралады (Үкімет үйі. Аккредитация +7 (7172) 75 00 10, 74 58 64 телефондары немесе [email protected] электрондық мекенжайы бойынша жүргізіледі).

11.00 – «Қазақстанда мемлекеттік қызметтер ұсыну саласы қалай өзгереді?» деген тақырыпқа арналған баспасөз мәслихаты. Спикерлер: парламент мәжілісінің депутаты Майра Айсина, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов (Қазақстан президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі. Аккредитация +7 (7172) 55 93 47 телефондары немесе [email protected] электрондық поштасы арқылы жүргізіледі).

12.00 – 28 панфиловшы мемориалына салтанатты түрде гүл шоқтары қойылады. Рәсімге Қазақстан Республикасы қорғаныс және сыртқы істер министрліктерінің, Қазақстан халқы ассамблеясының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, дипломатиялық корпустың өкілдері мен қала жұртшылығы қатысады («Жерұйық» саябағы. Байланыс телефоны: 8 (7172) 44 07 01, 44 08 06, 44 07 95).

18.30 – суретші көрмесі өтеді. Танымал павлодарлық график-суретші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Виктор Поликарповтың «Родительница степь…» атты көрмесі ашылады (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс: +7 701 054 71 77 Ольга Скальчук). 

АЛМАТЫ

18.30 – Еуразия шығармашылық гильдиясының кездесуі өтеді. Кездесуде Евгения Сихимбаева «Киану Ривз. Неоконченный портрет. Часть 1» кітабы туралы баяндап, шараны ұйымдастырушылар Брюссельде OEBF әдебиет фестивалін қорытындылайды («Жібек Жолы» сауда үйі», «451 Градус», Жібек Жолы даңғылы, 135).

4 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

16.00 – Visa Fashion Week Almaty 2019 халықаралық сән апталығы өтеді («Rixos Almaty» қонақ үйі, Сейфуллин даңғылы, 506).

8 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – XII қысқы қайырымдылық балы өтеді («Hilton Astana» қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

19.00 – Ресейлік ЮДИ би ұжымының шоуы өтеді. Концерт ұжымының «Свет и Тьма» атты халықаралық турнесі аясында ұйымдастырылады («Астана» концерт залы (бұрынғы Конгресс холл). Бейбітшілік көшесі, 1/1. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

14 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы «Щелкунчик» балеті («Nomad City Hall» театры, Мәңгілік Ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).

18.30 – «Денистің достары» мұз айдындағы шоу. Шараға Қазақстанның танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің достары, бапкерлері және белгілі фигуристер қатысады («Барыс Арена» спорт кешені, Тұран даңғылы, 75. Байланыс телефоны +7 702 947 80 53).

15 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қысқы дрифт бойынша Нұр-Сұлтан қаласының кубогы. Шара елорда әкімдігінің қолдауымен өткізіледі (Көкшетаудың айналма тас жолы, арнайы ХҚКО жанында. Байланыс телефоны: +7-778-580-72-42).

18.30 – «Мода со смыслом» қайырымдылық кеші. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсету. Кешке бизнесмендер, қоғам белсенділері, медиа мен шоу бизнестің танымал тұлғалары қатысады (The Ritz-Carlton Astana қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

16 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 – Independence Day кәсіби бокс кеші. Шара кезінде Казақстан, Өзбекстан, Нигерия, Оңстүстік Африка Республикасы, Тайланд, Филиппин, Грузия, Ресей мен Әзірбайжан бокшыларының қатысуымен 12 жекпе-жек өтеді. Тікелей эфир әлемнің 60 мемлекетіне таратылады (Балуан Шолақ атынадағы спорт кешені, Абай көшесі, 44)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...