Қазақстанда 13 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Sputnik Қазақстан агенттігі 13 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 14 – 22 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

13 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10:00 – әділет министрі Марат Бекетаев азаматтарды қабылдайды. («Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі, Кенесары көшесі, 25. Аккредитация бойынша: 707-628, 8707 552 59 44  немесе [email protected]).

15:00 – республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, «Nur Otan» партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі Наталья Годунова азаматтарды қабылдайды. («Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі, Кенесары көшесі, 25. Аккредитация бойынша: 707-628, 8707 552 59 44  немесе [email protected]).

15.30 – Бірінші Қазақстан-Италия бизнес форумы. Форум қатысушылары энергетика, жаңартылатын энергия көздері, мұнай-химия, өңдеу өнеркәсібі және АӨК саласындағы жобаларды дамыту мәселелерін талқылайды. Италияның Қазақстанда жұмыс істейтін кәсіпорындары тәжірибесімен бөліседі. Іс-шара Италия сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаноның Нұр-Сұлтанға жұмыс сапары аясында жоспарланған. («Astana Marriott Hotel» қонақ үйі. Аккредитация: [email protected] Байланыс телефоны: +7- 701 999 72 57).

АЛМАТЫ

11.00 – Қазақстан қор биржасының (KASE) дәстүрлі ай сайынғы медиа-брифингі. Қазақстан қор нарығының жұмысы туралы статистикалық ақпарат пен валюта нарығына шолу ұсынылады. Спикер: KASE басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк. («Almaty Towers» көпфункционалды кешені, Байзақов көшесі, 280, KASE баспасөз орталығы. Аккредитация:  +7 (727) 237 53 42 немесе [email protected]).

14 қарашаға жоспарланған шаралар 

АЛМАТЫ

11.00 – ТТ (Think Tank Club Aspandau) пікірталас клубы аясындағы сарапшылар отырысы. Тақырыбы: «Зейнетақы реформасы: табыс немесе күйреу?».  Спикерлер: экономист, Visor Kazakhstan басқарушы серіктесі Алмас Чукин, кәсіпкер, «Қазкоммерцбанк» АҚ бұрынғы басқарушы директоры және Deloitte & Touche серіктесі Бейбіт Апсенбетов, «SKYBRIDGE INVEST» АҚ басқарма төрағасы Шолпан Айнабаева. (Almaty қонақ үйі, Қабанбай батыр көшесі, 85. Байланыс телефоны: +7 (727) 327 10 05,  +7 707 327 10 01).

15 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, «Отцы и дети» спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

АЛМАТЫ

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, «Отцы и дети» спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, «Отцы и дети» спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

16 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – «Beautiful Korea. Dynamic Busan» атты кәріс халқының дәстүрлі өнер концерті. Ұйымдастырушы: Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы кәріс мәдениет орталығы. («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

20 қарашаға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 – Танымал италиялық «LA SCALA» театры жұлдыздарының қатысумен гала-концерт өтеді. Концерттің бағдарламасында Дж. Вердидің «Травиата», «Риголетто», «Трубадур», Ж. Бизедің «Кармен», Дж. Пуччининің «Қайғы», «Богема», Г. Доницеттидің «Махаббат сусыны», В. Моцарттың «Дон Жуан», Чайковскогодің «Евгений Онегин» операсы қойылып, танымал италиялық әндер орындалады (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры).

22 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Моссовет атындағы театрда «Герой нашего времени» спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

21.00 – Заманауи панкратионнан әлем чемпионаты. Чемпионат жастар жылын қолдау аясында Assenov Fight версиясы бойынша ұйымдастырылады (Астана циркі, Қабанбай батыр даңғылы, 5. Байланыс телефоны: +7 705 463 89 77).

АЛМАТЫ

19.30 – Моссовет атындағы театрда «Герой нашего времени» спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Моссовет атындағы театрда «Герой нашего времени» спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...