Қазақстан жауынгерлер зиратының топырағы салынған капсулаларды Ресейге берді

0

Белгісіз жауынгер күнінде «Жерұйық» саябағында Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер 28 гвардияшы панфиловшы мемориалына гүл шоғы қойылды

Салтанатты рәсім кезінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ахат Бекмади мен Кузьма Козак және ардагерлердің орталық кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаев ресейлік тарапқа астана, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауынгерлер жерленген жердің капсуласын табыстады. Олар эвакуациялық госпитальдерде көз жұмған. Соғыс кезінде Қазақстанда мұндай 155 госпиталь болды.

Сұрапыл соғыста қаза тапқандарды Ресей, Беларусь елшілігінің өкілдері, Қазақстандағы Ресей федерациясы елшілігінің кеңесшісі Александр Комаров, Қазақстандағы Беларусь елінің елшісі Анатолий Ничкасов еске алды. Қазақстан тарапынан мәжіліс вице-спикері Владимир Божко сөз сөйледі.

Тағы оқыңыз: Депутат «Біз тоқалдан тудық па?!» деген соғыс ардагерлерінің ренішін жеткізді

Жеңістің 75 жылдығына орай «Жеңіс жолы» акциясы басталған болатын. Оның аясында Кеңес одағына мүше болған елдердің госпитальдерінде көз жұмған жауынгерлер жерленген жердің бөлігі мәскеулік «Патриот» саябағына жеткізіледі.

Акция жалғасатын болады. Шығыс Қазақстан, Семей, Риддер және Шемонаихада жауынгерлер көп жерленген.

Мәскеу облысындағы «Патриот» саябағының құрылысы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында аяқталады.



sputniknews.kz