Қазақстан Ресейге 95 мың тонна көмірсутек шикізатын экспорттады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

2019 жылы Атырау МӨЗ-де хош иісті көмірсутектер өндірісі басталды

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Алғашқы жартыжылдықта 95 мың тонна хош иісті көмірсутек өндіріліп, Ресейге экспортталды. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарлады.

«Биыл отандық мұнай-химия саласында маңызды оқиға болды – Атырау мұндай өңдеу зауытында хош иісті көмірсутектерді (бензол, параксилол) өнеркәсіптік өндіру басталды. Бірінші жартыжылдықта 95 мың тонна хош иісті көмірсутек өндіріліп, Ресейге экспортталды. 2019 жылға жоспар – 180 мың тонна», – деп энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Бозымбаевтың сөзінен үзінді келтірді.

Айта кету керек, хош иісті көмірсутектер өнеркәсіпте дәрілік заттар, түрлі пластмассалар, синтетикалық резеңкелер және бояғыштар өндіру үшін шикізат ретінде кеңінен қолданылады.

Кездесу барысында министр мұнай-химия саласына да назар аударып, атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Битум өндірісі 464 мың тоннаны немесе жоспардың 103% құраған.



sputniknews.kz

Загрузка...