Қазақстан президенті барлық әкімнің өкілеттігін тоқтатты

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Өкілеттігі тоқтатылған әкімдер мен мемлекеттік орган басшылары орнына жаңа басшылар тағайындалғанға дейін міндеттерін атқаратын болады

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қазақстанның сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерінің өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Құжаттың мәтіні Ақорда сайтында жарияланған.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін», – делінген жарлықта.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган басшыларының өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.

Тағы оқыңыз: Сайлаудан соң үкімет отставкаға кете ме – Тоқаев жауап берді

Құжаттарға сәйкес, әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары орындарына жаңа басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқара береді.

Жарлықтар қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 



sputniknews.kz

Загрузка...