Қазақстан мен Түрікменстан президенттері кездесу өткізді: олар не туралы сөйлесті

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Тараптар Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы сенімге негізделген және ашық сипаттағы саяси диалогтың деңгейі жоғары екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесі қарсаңында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.

Қазақстан президенті түрікмен басшысына қонақжайлығы үшін алғыс білдірді және оның қазақ-түрікмен қатынастарын дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

«Мен өзінің әсемдігімен таңғалдыратын Ашхабадқа тағы да жолым түскеніне қуаныштымын. Менімен бірге өкілетті делегация келді, біздің бірқатар перспективалы жобамыз бар. Біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық өрлеу жолында дамып келеді деп санаймын. Бұған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен сіздің орасан зор еңбегіңіз сіңді», – деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Путин Тоқаевтың мәлімдемесіне әзілмен жауап берді – видео

Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді, аймақтағы жағдайды, сондай-ақ әртүрлі халықаралық форматтар аясындағы өзара әрекеттестікті талқылады.

Айта кету керек, Ашхабадта ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысынан кейін бірқатар көпжақты құжатқа, соның ішінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына байланысты Достастық елдерінің халықтары мен әлемдік қоғамдастыққа арналған жолдауға қол қою жоспарланған.



sputniknews.kz

Загрузка...