Қазақстан мен Ресей премьерлері ынтымақтастықты нығайту мəселесін талқылады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Тараптар сондай-ақ «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану туралы пікір алмасты

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы келіссөздер жүргізді.

Əңгімелесу қазақстандық тараптың бастамасымен өтті.

Тағы оқыңыз: Қазақстан Ресей және Өзбекстанмен шекараны демаркациялап жатыр 

«Əңгімелесу барысында ҚР мен РФ үкіметтерінің басшылары интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты ынтымақтастықты одан əрі нығайту мəселелерін талқылады», – деп жазылған Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Тараптар «Байқоңыр» кешенін одан әрі дамыту перспективалары және бірлесіп пайдалану туралы да пікір алмасты.



sputniknews.kz

Загрузка...