Қазақстан аруы атанған Айдай Исаева қызды болды (фото) – новости Казахстана

- Жарнаманы баса кетіңіз -

«Қазақстан аруы – 2013» атанған Айдай Исаева қызды болды. Қазақтың сұлу қызы өзінің жағымды жаңалығын Instagram парақшасында бөліскен деп жазады NUR.KZ.

Айдай Исаева. Фото:Gakku

Айдай Исаева. Фото:Gakku

Аталмыш байқаудан соң отандық әншілердің клиптері мен түрлі жарнамалық роликтерге түсіп жүрген сұңғақ бойлы сұлу 29 қараша күні өмірге қыз баланы алып келген.

«Жаратушыға мың да бір шүкір. Қызымыз ақылды, Алланың нұры жауған қыз болсын», – деп жазған Айдай Исаева сәбиінің салмағы үш келі 200 грамм, бойы 52 см болғанын да жасырмаған.

Желі қолданушылары жас ананы құттықтап, сәбиге ұзақ ғұмыр тілеген.

«Бауы берік болсын», «Бізге де жұғысты болсын», «Өзіңізге тартқан сұлу болсын», «Шын жүректен құттықтаймын» деп желідегілер ақ тілегін жаудырды.

Айта кетейік, 2015 жылы тұрмысқа шыққан Айдай Исаеваның бір ұлы бар.