Қасым-Жомарт Тоқаев Скриптонит туралы не ойлайтынын айтты

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Президент шетелде танылған қазақстандық әншілер туралы ойын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әншілердің жоғары жетістіктерін мақтан тұтатынын мәлімдеді.

Ресейлік тілші Алексей Пивоваров мемлекет басшысының белгілі рэпер Скриптонит туралы не ойлайтынын сұрады. Сұқбат «31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильміне негіз болған еді.

Тоқаев павлодарлық рэпер Скриптониттің (Әділ Жәлелов) әндерін бірнеше рет тыңдағанын айтты.

«Бірнеше рет тыңдадым, бірақ түсіндім деп айта алмаймын. Дегенмен түсінуге тырысуға уәде етемін», – дейді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы таңғажайып дауысымен әлемге әйгілі болған Димаш Құдайбергенді ерекше атап өтті.

Тағы оқыңыз: Орыс халқының еш қатысы жоқ – Тоқаев ашаршылық туралы

«Димашты мақтан тұтамыз. Ол Қытай халқын тәнті етіп, енді, міне, ресейліктерді баурап алды. Кремль сарайында бірнеше рет концерт берді», – деп президент Димашты мақтады.

Әділ Жәлелов – қазақстандық рэпер, Скриптонит деген атпен белгілі. Музыкант 1990 жылы маусымда Павлодар қаласына жақын Ленинский ауылында дүниеге келген. Алғаш рет 2014 жылы танылған, ал бір жарым жылдан соң шыққан «Дом с нормальными явлениями» атты альбомы орыс тілді рэп-альбомдар арасында үздік атанды.

Димаш Құдайберген Қытайдағы I am a singer жобасынан кейін бүкіл әлемге танылды. Оның концертіне дүние жүзінің 60 елінен тыңдармандар жиналады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев халықты мазалап жүрген мәселеге қатысты ойын айтты



sputniknews.kz

Загрузка...