Қасым-Жомарт Тоқаев Архимед Мұхамбетовті қабылдады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Архимед Мұхамбетов президентке астық жинау науқанына дайындық жөнінде баяндады

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Өңір басшысы президентке астық жинау жұмыстарына дайындық барысы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, сондай-ақ машина жасау саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде баяндады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев астық жинау науқанын уақтылы жүргізудің және тұқым қорын дайындаудың маңыздылығын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру және Қостанайдағы аэропортты қайта жөндеу қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы Архимед Мұхамбетовке Арқалық қаласының жылумен қамту жүйесін қайта жөндеу жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз