Қарақияда өндіріс өнімдерінің көлемі артты

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Ауданда ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 122,1% өскен. Мал шаруашылығы 2018 жылы 1548,0 (2017 ж – 1385,6) өсім – 11%. Өсімдік шаруашылығы 606,5 (2017ж-522,1) өсім – 16%, көрсетілген қызмет 6,4 (2017ж – 3,7) өсім – 62% және орман және балық шаруашылығы – 173,4.Негізгі капиталға салынар инвестиция көлемі 2018 жылдың қаңтар – қараша айларында 137 млрд 883 млн теңгені құрады. Ал, жалпы, аудан негізгі капиталға салынар инвестиция көлемі бойынша облыстың 30% құрап отыр.

Сондай-ақ Қарақия ауданы бойынша 2018 жылы 2925 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланды. Қазіргі таңда 2978 жаңа жұмыс орны құрылды, яғни жоспардың 101,8 пайызын құрады. Оның 2624-і (89,7%) тұрақты жұмыс орындары, 335-і (11,5%) уақытша жұмыс орындары. Бұл көрсеткіш толықтай орындалды.

Атап айтқанда, 204 адам тұрақты жұмысқа, 8 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 21 адам жастар практикасына, 31 адам қоғамдық жұмыстарға, 28 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға, 10 адам «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолданды және 2 адам шағын несие алды.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 3,4% (облыс бойынша 4,8) (белсенді халыққа шаққанда), жастар жұмыссыздығы 2,4% (облыс бойынша 3,1).

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Дереккөз: http://egemen.kz/

Загрузка...