Қарағандыда ойын-сауық орталығында 7 жасар қыз көз жұмды: Оқиғаның мән-жайы айтылды

0

Қарағандыдағы ойын-ауық-сауда орталықтарының бірінің әкімшісі Людмила Качаненко әткеншектен құлап көз жұмған 7 жасар қыздың оқиғасының мән-жайын айтып берді.

Қарағандыда ойын-сауық орталығында 7 жасар қыз көз жұмды: Оқиғаның мән-жайы айтылды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 

Еске сала кетсек, қайғылы жағдай 11 маусымда ойын-сауық-сауда орталығында орын алған еді.

«Куәгерлердің бірінің сөзінше, қыз әткеншекте отырған. Ол еденнен аса биік орнатылмаған еді. Сол кезде оны үлкен әпкесі тербетіп тұрған. Қыздың жағдайы нашарлап, құлап қалған. Үлкен қызының айқайын естіген анасы мен қызметкерлер жүріп келді. Біз оны шығатын есікке алып бардық. Ол ес-түссіз жатқан еді», — дейді Людмила Качаненко.

Қыздың жағдайы нашарлағаннан кейін, ойын алаңқайының қызметкерлері жедел жәрдем шақырыпты. Жәдел жәрдем жеткенше, сол жерде болған дәрігер-студенттер көмек көрсеткен екен. 

«Интерндер жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алдыру шарасын жасады. Дәріхана қобдишасы мен мүсәтір болды. Арада 10-15 минут өткеннен кейін жедел жәрдем келді. Олар қыздың есін жидыруға тырысты. Жүрегі соғысы болды, бірақ әлсіз еді. Дәрігерлер тірілтіп алуға тырысқанымен, тынысы тоқтай бастады», — дейді ол. 

Әкімшінің сөзінше, қыз құлап қалған әткеншек еденнен 40 см жоғары болған. Оны екі жаққа тек жарты метрге ғана тербеуге болады екен. 

Қыз әткеншектен құлап қалған кезде анасы жанында болмаған. Әйел фуд-корт аумағында балаларды бақылап отырыпты. Үлкен қызы шыңғырып жібергенде, бәрі сол жаққа жүгірді, дейді әкімші. 

«Бізде баланың жасына байланысты шектеу бар. 5 жасқа толмаған балалар ересектермен бірге кіреді. Егер үлкен болса,  өзі кіре алады. Сонымен қатар бойы 140 см-ден жоғары балалар жіберілмейді. Дәрігерлер мен анасының сөзінен түсінгеніміз, қыздың созылмалы ауруы болған. Қандай ауру екенін білмейміз. Алайда қыздың түрінен денсаулығына байланысты қиындықтары бар екені байқалмады», — дейді Качаненко.

Людмила Качаненконың сөзінше, балалар саябағына мүгедектігі бар балаларды әкелуге тыйым салынған. 

«Мұның бәрі ата-анаға байланысты. Біз ауруына байланысты анықтама алмаймыз. Тергеуге келер болсақ, қазір біздегі құжаттар мен әткеншектер алынды. Түрлі нұсқалар болуы мүмкін. Алайда әпкесінің сөзінше, ол сіңлісін тербетіп тұрған кезде, қыздың жағдайы нашарлап, құлап қалған», — дейді әкімші.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 306-бабы 3-бөлігіне (Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, адам өліміне алып келген қызмет көрсету) сәйкес іс қозғалған. Тиісті сараптамалар тағайындалды. 

stan.kz