Қанат Бозымбаев: Жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеті жоғары

35
- Жарнаманы баса кетіңіз -
28 Қараша 2018, 16:31 266 0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Астанада өтіп жатқан VIII Азаматтық форумы аясында өткен салалық кездесуде жаңартылатын энергия көздерін дамыту үрдісі туралы баяндады.

«Еліміздегі жаңартылатын энергия көздері әрі қарай жүргізіледі. Әлеуеті айтарлықтай жоғары. Жел энергетикасының әлуеті жылына 920 млрд кВт/сағат, су энергиясы 62 млрд кВт/сағ, күн энергиясы жылына 2500-3500 күн сағатын құрайды. Сондықтан елімізде жаңартылатын энергия көздері түрлерін дамыту бастау алды. Мәселен елімізде бүгінде жиынтық қуаты шамамен 531 мгВт болатын 67 ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) объектісі бар. Олардың ішінде жел электр станциялары 121 мгВт, күн 209 мгВт, гидро 200 мгВт және бір биоэнергия станциясы бар. Ағымдағы жылдың тоғыз айында өндірілген ЖЭК электр энергиясының көлміе 1 млрд кВт/сағ құрады. Жылдық жоспары – 1,3 млрд кВт/сағ», – деп атап өтті Бозымбаев.

Энергетика министрі Қазақстан жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы мен стратегиялық құжаттарына сәйкес электр энергиясын өндіретінін айтты.

«Жалпы көлемдегі ЖЭК үлесін 2020 жылы 3%, 2025 жылы 6%, 2030 жылы 0% жеткізу бойынша міндеттер қойылды. Осы индикаторларға қол жеткізу мақсатында ағымдағы жылы 9 ай ішінде ЖЭК секторына инвестицияларды тарту бойынша жұмыс атқарылды. Нәтижесінде 100 млрд теңге сомасына бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды. ЖЭК салуға ниет білдірген инвестерлор санының өсуімен қоса ЖЭК секторындағы технологиялардың қарқынды дамуын ең тиімді жобаларды ең үздік технолгиялық шешімдері мен күрделі шығындары төмен жобаларды әділ және бәсекелі іріктеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тетікті енгізуді талап етті», – дейді министр.

Энергетика министрі осы талаптарға жауап беретін әлемдік үрдіс ЖЭК жобаларын іріктеуге бағытталған аукциондық сауда-саттық тетіктері болып отырғанын айтты.



















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...