Путин Тоқаевқа қандай сыйлық жасағаны белгілі болды – видео

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Владимир Путин Қазақстан президентіне мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Омбы қаласындағы ынтымақтастық форумының ресми шараларынан кейін Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин естелік ретінде бір-біріне сыйлық жасады.

«Қазақстан президенті ресейлік әріптесіне ұлт ұстазы, халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының екі томын сыйлады», – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Ал Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті.

Тоқаев Оңтүстік Корея президентіне сый жасады – фото

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Омбыда өткен өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Путин мен Тоқаев қандай мәселелерді талқылағанын Sputnik Қазақстан сайтынан оқыңыз.



sputniknews.kz

Загрузка...