Путин мен Тоқаев Омбыда форум өткізіп, сыйлық алмасты – видео

0

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы Омбыға қайта оралды. Онда алғашқы шекара маңы форумы 16 жыл бұрын өткен еді. Екі ел басшылары іс-шараның осы екі күнін қалай өткізгенін Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев форумға президент ретінде алғаш рет қатысты. Форум барысында Ресей президенті Владимир Путин мен еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ресей-Қазақстан» шекара маңы ынтымақтастық бағдарламасының тұжырымдамасын бекітті.  

Екі күндік іс-шараның қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.

Путин Тоқаевқа ерекше құрмет көрсетті – видео

Жалпы отырыстан кейін мемлекет басшылары Эрмитаждың Омбыдағы филиалына барды. Сондай-ақ, кездесу аясында Қазақстан президентіне ресейлік әріптесі айрықша шахмат жиынтығын сыйлады. Күннің соңында лидерлер әуежайға келіп, Путин Тоқаевты жеке өзі шығарып салды.  



sputniknews.kz