Президент сайлауы 2019: Қазақстанда дауыс беру аяқталды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қазақстанның барлық өңірінде кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру аяқталды

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанда барлық сайлау учаскесі жабылды. Елорда уақытымен сағат 22:00-дегі жағдайындағы алдын ала мәлімет бойынша  қазақстандықтардың 77, 4 %- і кезектен тыс президент сайлауында дауыс берген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында сайлаушылардың дауыс беруге келуінің алдын ала қорытындысын шығарды.

Қазақстандықтардың 77, 4 %- і кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді

Айта кетсек, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 % дауыс беруге келген. Ал 12:00-ге қарай қазақстандықтардың 35,1%-і өз таңдауын жасады. 14:00-де дауыс берген азаматтар саны 51,8%-ке жетті. 16:00-тегі мәлімет бойынша сайлаушылардың 65,9 проценті бюллетень алды. Ал кешкі сағат 18:00-ге қарай қазақстандықтардың 72,9%-і дауыс берді. 20:00-де сайлау бюллетенін алған азаматтар саны 77 процентті құрады.

Тағы оқыңыз: «Телефонға түсіріп алдық»: бақылаушы сайлау учаскесінде нені көріп таңғалды?

Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастап, кешкі 20:00-де жабылды. Қазақстандықтар он мыңға жуық сайлау учаскесінде дауыс берді.
Уақыт белдеуіне байланысты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы сайлау учаскелері елорда уақытымен жұмысын 08:00-де бастаған болатын.

Осы жолғы президент сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрады.

Шетелде қанша қазақстандық дауыс берді

Ал 19:00-дегі мәлімет бойынша шетелдегі сайлау учаскелерінде 8322 қазақстандық дауыс берді. Уақыт айырмашылығына байланысты Азияда орналасқан сайлау учаскелері жұмысын аяқтап, дауыс санауға кіріскен. Ал Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де ең соңғы болып Вашингтон, Нью-Йорк және Оттавадағы сайлау учаскелері ашылды.

Президенттікке кандидаттар

Қазақстан президенттігіне жеті адам үміткер:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел. 


    ©
    Sputnik /

    Президентікке үміткер жеті кандидат



sputniknews.kz

Загрузка...