Полицейлер дүкенді тонамақ болған келіншекті жылатты

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Тұрмысы төмен әйелдің ақшасы жетпей, дүкеннен азық-түлік тонауға мәжбүр болған

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы дүкендердің бірінде тосын жайт болды.

Оқиға куәгерінің айтуынша, әйел адам дүкеннен азық-түлік тонамақ болады, сол сәтте оны күзетшілер ұстап, полиция шақырған екен. Алайда тәртіп сақшылары келіншекті жауапқа тартуға асықпады.

«Бұл әйелді күзетшілер ұстаған болатын. Сөмкесінде ақшасы төленбеген азық-түлік болды. Полицейлер ақысын төлеп берді», – деп жазды куәгер оқиғаның фотосын жариялап.

​Суретте полицейлердің қайырымдылығына қатты разы болған әйелдің көңілі босап, жылап тұр.

Офицерлер Луи Содзё, Эснайди Куэвас және Майкл Ривера баспасөз мәслихатын өткізіп, болған жайттың анық-қанығын айтып берді, деп хабарлайды LADbible.

«Не болғанын сұрап едім, қарны аш екенін айтты. Сосын сөмкесін тексердім… Сөйтіп, азық-түліктің ақысын төлеп берейік деп шештік «, – дейді офицер Луи Содзё.

Тағы оқыңыз: Жас қыз ұрыны аяғымен қысып, тырп еткізбей ұстап жатты – видео

Луидің сөзіне сүйенсек, 22 жыл полицей болып жүріп, талай рет мұқтаж жандарға азық-түлік алып берген көрінеді. Әріптестері де мұндай қайырымдылықты бірінші рет жасап отырған жоқ.

Нью-Йорктің полиция бөлімі басшысы Теренс Монахан осы жайтқа қатысты пікір білдірді. Ол полицейлердің жақсылығы жиі ескерілмей қалатынын атап өтіп, суретті әлеуметтік желіде жариялаған тұрғынға алғыс айтты.



sputniknews.kz

Загрузка...