Піл мен мүйізтұмсықтың кескілескен айқасы видеоға түсіп қалды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жануарлар айқасының видеосы қорықтың YouTube арнасында жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Оңтүстік Африкадағы Крюгер ұлттық паркіне келушілер мүйізтұмсық пен пілдің төбелесіне куә болды.

Видеода мүйізтұмсық баласымен бірге суаттың жанында тұрған кезде оған піл жақындай бастағаны көрінеді. Мүйізтұмсыққа шақырылмаған қонақтың келгені ұнамай қалып, бірден шабуылға көшкен. 

Өліспей беріспеді: Барыс пен кесірткенің төбелесі видеоға түсірілді

Бір кезде піл мен енесінің арасында қалған мүйізтұмсықтың баласы құлап түседі, бірақ ол тез шығып, қауіпсіз жерге қашып құтылады. 

Төбелестен кейін піл мүйізтұмсық пен оның баласын қуа жөнеледі, бірақ олар жеткізбейді. 



sputniknews.kz


Тегтер:видеопіл