Патриарх Кирилл Қазақстанға келеді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазақстан сенатының спикерімен кездесуде Мәскеу патриархатының өкілі патриарх Кирилл Қазақстанға келуді жоспарлап отырғанын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек — Sputnik. 2021 жылы патриарх Кирилл Қазақстанға келеді. Бұл туралы орыс православ шіркеуінің Мәскеу патриархаты сыртқы шіркеу байланысы бөлімінің дінаралық байланыс хатшысы, дін қызметшісі Димитрий Сафонов хабарлады.

Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы аясында Қазақстанның сенат төрағасы, съезд хатшылығының басшысы Дариға Назарбаева орыс православ шіркеуі Мәскеу патриархатының сыртқы шіркеу байланыс бөлімінің дінаралық байланыс хатшысы Димитрий Сафоновпен кездесті, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.


©
Sputnik / Илья Питалев

Патриарх Кирилл

Дариға Назарбаева съезд хатшылығының жұмысына белсенді қатысқаны және көп жылдан бері қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін дін қызметшісіне алғыс айтты.

Димитрий Сафонов өз кезегінде Қазақстанға православ тұрғындарды қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

«Ресейдің дінаралық кеңесі Қазақстанға зор құрметпен қарайды, диалог алаңының барлық ұсынысын қолдап келеді және бұдан былайғы ынтымақтастыққа үміт артады», – деп атап өтті Сафонов.

Атап өтсек, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Қазақстанда 16 жыл бойы өтіп келеді.



sputniknews.kz

Загрузка...