Парижде наразылық шеруінде отыздан аса адам ұсталған

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Парижде сенбі күні «сары жилеттілер» қозғалысының акциясы кемінде 34 адам ұсталған. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, Францияда 5 қаңтардағы акцияларға 50 мыңға жуық адам қатысқан. Биылғы жыл басынан бері «сары жилеттілердің» алғашқы акциясына осының алдындағымен салыстырғанда көбірек адам қатысқан. Бұған дейін өткен жылы «сары жилеттілер» жеті рет шеру өткізген.

Алдыңғы апталармен салыстырғанда ұсталғандар саны аз болғанымен, шерушілер мен полиция арасында қақтығыстар бұл жолы да болған. Сенбі күні Парижде, Ренде, Нант пен Руанда, сол сияқты Бове қаласында шерушілер полициямен қақтығысқан.

Парижде полициямен қақтығыстар Сена өзенінің сол жағалауы мен көпір үстінде және Елисей алаңында болған.

Сенбідегі шерудің қарсаңында Франция үкіметінің ресми өкілі Бенжамен Гриво демонстранттардың «заңды талаптарының» барлығын үкіметтің орындағанын айтып, қазір шеруге шығатындар – билікті құлатқысы келетіндер деп мәлімдеген. 5 қаңтарда сары жилет киген бір топ адам Парижде Гривоның кеңсесіне кіруге әрекет жасап, есігін сындырып, автокөліктерді бүлдірген. Министрді ғимараттан қауіпсіз жерге алып кетуге тура келген.

Дереккөз: Азаттық

Загрузка...