Өзбектің сомымен салыстырғанда неге теңге өз құнын сақтап қала алмайды: Экономистердің пікірі – Қазақстан жаңалықтары

0

Экономикамыз бірнеше одақ бойынша көрші елмен тығыз байланыста. Дегенмен Өзбекстан валютасы соммен салыстырғанда теңге неге өз құнын сақтап қала алмайды? Stan.kz тілшісі танымал экономистер мен саясаттанушылардан себебін сұрап көрді. 

Экономист Оразалы Сәбден:

«Экономист ретінде теңгенің құнсызданып төмен құлдырағанда сомның өз бағасын ұстап тұруын айтайын. Біздің экономика Ресеймен тығыз байланысты. Ал қазіргі таңда Ресейде санкция болып жатыр. Бұдан бөлек тағы басқа шектеулерге байланысты Ресейдің экономикасы құлдырап, келесі жылы 1%-ға дейін төмен түседі.

Соммен салыстырғандағы теңгенің бір орнында тұрмай құнсыздануы тікелей елдің ішкі-сыртқы ахуалына байланысты. Біздің шет елдегі қарыз 170 млрд теңгені құрайды. Бұндай қарыз әлем бойынша ешбір елде жоқ. Ресейде де, басқасында да. Біздің ұлттық табыстан қарызымыз 100%-дан асып кетті. Ал көрші өзбек елінде қарыз өте төмен, жоқтың есебінде», – деген ол осындай факторлар теңгенің құнсыздануына әкеліп отырғанын айтады. Оның үстіне ішкі өндірістің жоқтығы, тек шикізатпен шектелуіміз теңге құнының тұрақсыздығына әкелетіні сөзсіз деп отыр Оразалы Сәбден. 

Танымал политолог Дос Көшім бұл мәселіге қатысты өз ойын былай сабақтайды: 

«Теңгенің құнсыздануы екі мәселеге байланысты. Бірінші, бізде өндіріс жоқ. Тек шикізатқа байланып қалғанбыз. Біз – өнім шығара алмайтын елміз. Сондықтан бізде тұрақты қаржы болмайды. Бізде отыз жыл ішінде шелек шығаратын бір өндіс орны жоқ. 

Екінші, осы қаржы институттарын ұстап тұратын жақсы мамандар жетіспейді. Қанша жылдан бері ұлттық банктің тізгінін ұстамаған адам жоқ. Бірақ өзінің теңгесін қырғыз сияқты ұстап тұра алмаса, онда жақсы маман жоқ деген сөз. Өйткені, дәл мынандай құлдырау көргенім жоқ. 5-10% құлдырауға болады, ал бізде 4-5 жыл ішінде ұлттық валютамыз 100%-ға құлдырады», – деген саясаттанушы алдын-ала болжам жасайтын, әрекетке көшетін қаржы институттарының жоқтығы да теңгенің аяғы аспаннан келуіне «жағдай» жасайтынын айтты. 

 

Дайындаған: Жанна Мәлік

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз