Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры 10 жылға сотталды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

26 маусым күні Ташкент қалалық соты Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыровты 10 жылға соттады. Сот оны «пара алды, бопсалады, қаржылық алаяқтық жасады, салық төлеуден жалтарды, әділ сотқа кедергі келтірді» деп айыптаған.

Қадыровпен бірге тағы 12 адамға да үкім оқылды. Олар әр түрлі мерзімге сотталды. Араларында ең ұзақ мерзім – 19 жылға қамалғаны да бар.

Қадыров былтыр ақпан айында ұсталған. Ал сот отырысы биыл қаңтарда басталған.

Өзбекстанның бас прокуратурасын 15 жыл бойы басқарған, бұрынғы президент “Ислам Каримов гвардиясындағы” шенеуніктердің бірі ретінде аталатын Рашид Қадыровты қазіргі президент Шавкат Мирзияев билікке келген соң бірнеше рет ашық сынаған. Мирзияев 2017 жылы тамызда прокуратура қызметкерлерін «ұрылар» деп атаған.

Azattyq

Загрузка...