Өзбекстанның азаматы тәжікстандықтың басын кесіп, пешке жағып жіберген

0
Өзбекстанның азаматы тәжікстандықтың басын кесіп, пешке жағып жіберген


Жантүршігерлік оқиға таңертеңгі уақытта Волгоградтың Ленин ауданындағы Бахтияров ауылында болған .

Мал бағу шаруашылығында жұмыс істейтін Өзбекстан тумасы мен тәжікстандық екі жұмысшы сөзге келіп қалған. Екеуінің арасында кикілжің жұмыс барысында басталыпты. Арадағы түсініспеушілікті өзара шешу үшін олар сиыр қорасына барған.

«36 жастағы өзбекстандық Тәжікстаннан келген 57 жастағы жұмысшының кеудесіне пышақ сұққан. Күдікті қылмысын жасырмақ болады. Ол марқұмның басын кесіп, пешке лақтырып жіберген. Ал денесін жиналып тұрған шөптің арасына тығып қояды», – дейді Ресей тергеу комитетінің Волгоград облыстық Средне- Ахтубинск ауданы бойынша тергеу басқармасының басшысы Евгений Выстропов.

Өзбекстандық болған жайтты жұмыстағылардың біріне айтып, одан ешкімге тіс жармауын өтінген. Алайда, ол жұмыс берушіге, одан кейін құқық қорғаушыларға баяндап береді.

«Айыпталушы сол күні кешке жақын ұсталды. Қылмыскердің психикасында ауытқуы бары анықталды. Өйткені ол марқұмның басын пешке лақтырып жіберуінің себебін, оның қараған көзі жүйкесіне тигендігімен байланыстырды», – дейді Евгений Выстропов.

Дереккөз: sn.kz