Отыз жеті баланы зорлап, үшеуін өлтірген адам бостандық сұрап жатыр

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қылмыскер 1998 жылы өлім жазасына кесілген, алайда мораторий енгізілуіне байланысты үкім өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде — Sputnik. Ресейде «Черный дельфин» колониясында жазасын өтеп жатқан қанішер-педофил еркіндік сұрады.

Сызрань қалалық соты өмір бойына сотталған педофил Олег Рыльковтың түрмеден босату туралы өтінішін қарауды бастады, деп хабарлады КТВ-ЛУЧ.

Қылмыскер ауыр науқастан зардап шегетінін айтқан. Ол іс материалдарын адвокатпен талқылауға уақыт табу үшін отырысты кейінге қалдыруды сұрады.

«Маған өзім бұрын ешқашан сөйлеспеген адамды адвокат етіп тағайындады. Меніңше адвокат іске құлшына кірісе қоймайды», — деп шағымданды ол.

Сот бұл өтінімді қанағаттандырды.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөз Рыльков бірнеше адамды өлтіргендер жазасын өтейтін «Черный дельфин» түрмесіне қайтып оралу мерзімін барынша кешіктіруге тырысып жатыр деп пікір білдірді.

Олег Рыльков алты жастан 13 жасқа дейінгі 37 кәмелетке толмаған баланы зорлап, төрт адамды, оның ішінде үш баланы өлтіргені үшін сотталған. 1998 жылы қылмыскер өлім жазасына кесілді, дегенмен мораторий енгізілуіне байланысты үкім өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.



sputniknews.kz