Отбасындағы ұрыс-керіс нәтижесінде ерлі-зайыпты орасан зор байлыққа кенелді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Кездейсоқ сатып алған лотерея билеті отбасыға қомақты олжа әкелді

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. Австралиялық ерлі-зайыпты ренжісіп қалғандарының арқасында лотереядан қомақты ұтыс иеленді, деп хабарлайды UPI порталы.

Батыс Австралиядағы Олбани қаласында тұратын құмар ойынға әуес ерлі-зайыпты әрқашан екі адамға бір лотерея билетін сатып алады екен. Алайда бұл күні екеуі ренжісіп қалып, жеке-жеке лотерея ойнамақ болады.

«Күйеуімнің билет сатып алғанын көріп, ұтыс нәтижесін білмек болдым», — дейді әйел адам.

Ол сауда орталығына барып, тағы бір билет сатып алады. Негізінде келіншек бұл лотереяға қатыспайтын көрінеді.

Бір қызығы, кездейсоқ сатып алынған билет отбасыға 717,5 мың доллар олжа әкелді. Жеңімпаздар ақшаны қайда жұмсайтындарын айтқан жоқ.



sputniknews.kz